Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

"Білімге бөлінген ақша... жүргізушіге кетіпті"

58


Іле ауданындағы білім бөліміне бөлінген қаржы жүздеген балаға қажет құрал-жабдыққа, мұғалімдердің жалақысына, мектептердің қажетіне жұмсалуы тиіс еді. Бірақ іс жүзінде ол қаражат басшы мен бухгалтерлердің  қалтасында кеткен.

Ляззат Қаткеева – осы бөлімнің бұрынғы басшысы. Қазір ол темір тордың ар жағында. Сот оны 686 миллион теңге жымқырды деп айыптады. Қатарында — жеті бірдей бухгалтер. Олар да жазадан құтылмады.

Схема – таныс: "өлі жандар". Қағаз жүзінде бар, өмірде жоқ қызметкерлерге ақша аударылған. Тіпті, Қаткееваның жүргізушісі де бір мекемеге «профориентатор» болып тіркеліп, 4,9 миллион теңге жалақы алған.

Тергеу басталғанда Қаткееваның күйеуі де, өзі де прокуратураға арыз жазып, әділет сұрады. Бірақ сот бәрін орнына қойды: 8 жыл түрме, әрі өмір бойы мемлекеттік қызметке жол жабық. Ал бухгалтерлер — 7-8 жыл аралығында.


"Бұл — жүйенің дерті"

Бұл оқиға – бір ғана мысал. Бірақ ол жүйелі проблема бар екенін айқын көрсетті. Қағазда — нәтиже, ал шындықта — ұрлық. Қағазда — маман, ал шын мәнінде — жүргізуші. Қағазда — білім, ал шындықта — жемқорлық.

Сонда кім жауапты? Қайда қараған бақылау органдары? Бұндай істер жалғасып жатқанда, жаңа мектеп салу жай ғана есеп беруге айналмай ма?

Мемлекеттік ақшаның иесі – халық. Ал оны қорғау – тек құзырлы органдардың емес, бүкіл қоғамның міндеті. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы осы Іле ауданыынң әкімі де істі болып, жаңылмасақ абақтыда жатыр.