Бішкекте Вьетнамның бұрынғы басшысы Хо Ши Минге арналған бюст ашылды

72

Munarmedia.kz.02.09.2026.ASTANA. Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Вьетнамның бұрынғы мемлекет басшысы Хо Ши Минге арналған бюсттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ескерткіш вьетнамдық инвестор жүзеге асырып жатқан Royal Central Park кешенінің аумағында орналасқан.

Салтанатты шараға Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суан, Қырғызстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері және шақырылған қонақтар қатысты.

Қырғызстан Жогорку Кеңешінің спикері өз сөзінде Хо Ши Миннің әлем тарихында көрнекті мемлекет қайраткері ретінде айрықша орны бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, Хо Ши Мин вьетнам халқының тәуелсіздік жолындағы күресінің символына айналған тарихи тұлға.

Өз кезегінде Вьетнам вице-президенті Во Тхи Ань Суан Қырғызстан тарапына Вьетнамның тарихи мұрасына құрмет көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Бюсттің ашылуы Қырғызстан мен Вьетнам арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған шаралардың бірі болды.

#Munarmedia #Бішкек #Қырғызстан #Вьетнам #ХоШиМин #RoyalCentralPark #ВоТхиАньСуан #Тарих #Мәдениет #Дипломатия #ХалықаралықЫнтымақтастық #ҚырғызстанВьетнам