Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Барлық мектептер үшін соңғы оқу күні ретінде 23 мамыр бекітілген. Бұл күні ел мектептерінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.
Министрлік мәліметінше, биыл оқу жылын 3,9 млн астам оқушы аяқтайды. Ал мектепті 217 мың түлек бітіреді.
Министрлік мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыруға, ақша жинауға, автокөлікпен шеруге шығуға және басқа да мерекелеу шараларын ұйымдастыруға жол берілмейтінін ескертеді.