Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

«Бөкейорда» табиғи резерватының бас директоры ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды

32


MunarMedia.kz, 28.05.2025 жыл /Астана/-Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының бас директорына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Антикор мәліметінше, резерват басшысы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Қаражат «жалақы» ретінде аударылып отырғанымен, ол адам шын мәнінде мекемеде жұмыс істемеген.

«Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу жалғасып жатыр», — деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Бөкейорда» резерваты өрт сөндіру көлігі мен жүк көліктерін негізсіз қымбат бағада сатып алуға 174 миллион теңге бөлуді жоспарлағанын анықтаған еді. Маман­дардың араласуынан кейін келісімшарт сомасы 50 миллион теңгеге қысқартылған.