Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

"Болашақ" бағдарламасынан "мемқызметкер" деген санатты алып тастау керек - танымал экономист

әшкере
71


Белгілі экономист Меруерт Махмұтова "Болашақ" бағдарламасына енген оғаш өзгерісті байқап қалыпты. Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер бір жылдық тілдік курстан өту үшін шетелге бара алады.

"Бағдарлама магистратурамен пара-пар шығынды талап етеді! Ай сайынғы 💲2 мың доллар стипендиядан бөлек, жолақы мен ұшақ билеті сияқты шығынға қыруар қаржы жұмсалады. Қарапайым жұртқа "белді бууға" кеңес беріле тұра, жоғары лауазым иелерінің шығыны еселеп өсіп жатыр", - дейді Махмұтова.

Экономист осыған орай қазіргі "Болашақ" басшысына бірқатар ұсыныс берген екен.

Махмұтова бюджет ақшасын төгіп-шашуды доғарып, тілдік курсты Қазақстанда өту мүмкіндігін қарастыру керек деп отыр. Айтуынша, шетел универлерінің еліміздегі филиалында немесе өзіміздің озық оқу орындарында тіл үйренуге барлық жағдай жасалған.

Сарапшының пайымдауынша, "Болашақ" бағдарламасынан "мемлекеттік қызметкер" деген санатты мүлде алып тастау керек.


"Шетел университетінде өтетін тағылымдамаға "мемқызметкер" деген арнайы санатты енгізбеу керек. Қарапайым адам мен лауазымдағы адам бірдей деңгейде бақ сынайтын әділ жүйе қажет. "Болашақтың" магистратурасына өтініш беруде де "мемқызметкер" деген бөлек мәртебені жойған жөн. Сонда әр үміткер өзінің кәсіби әлеуетіне сай тең мүмкіндікке ие болады", - дейді ол.
Махмұтованың пікірінше бұдан үнемделген ақшаны облыстағы оқу орындарының инфрақұрылымын жетілдіруге салу әлдеқайда сауапты іс.
"Үнемдеу саясатын жүргізу керек болса, билік оны алдымен өзінен бастап, сол арқылы қоғамға үлгі-өнеге көрсетуі тиіс", - дейді экономист.