Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Болат Назарбаев? Мұраға таластың соңы үлкен скандалға ұласады - танымал заңгер

64



.

Мұрагерлердің тізімі күн санап ұлғая түсуде. Бәйбішеден туғаны бар, тоқалдан туғаны бар бәрі-бәрі де өзіне тиесілі үлесті қарпып қалуға сақадай-сай отыр.

Танымал заңгер Бағдат Амандос осы тұста Бөкеңнен мұраға қалған байлықтың сүбелі бөлігі кімге бұйырады деген тақырыпта қызықты тұжырыммен бөлісіпті.

Назарбаев марқұм болғасын нотариус мұрагерлік бойынша іс ашқан. "Сантехниктің" отбасы мүшелері, соның ішінде ұлы Нұрбол, Болат Назарбаевтың жұбайы Динара Мәметекова және тағы бірнеше баласы мұрагерлік құқығы туралы өтініш білдірген.

Бөкеңнің белінен тараған үрім-бұтағының есім-сойын тізбелеп отыруды жөн көрмедік. Ұл-қыздарын түгел қамтығанда мұрагерліктен 14 адам дәмелі.

Дүние-мүлік үшін таласта аренаға аяқастынан дәстүрлі әнші Динара Кемелханның (Мәметекова) шығуы DALA INSIDE арнасындағы әріптестердің назарын аударыпты.

"Болат Назарбаевтың үлкен ұлдары оның азаматтық некеде жүрген әйелі Динара Мәметековамен заңды некеге отыруына қарсы болған. Себебі Болаттың денсаулығы нашарлағандықтан, олар да, әулеттің басым бөлігі де мұраға ортақтасатын артық адам қажет емес деп пайымдаған. Енді олар "Динара Мәметекова Болат Назарбаевтың ұзақ өмір сүрмесін білді және мақсатты түрде некені заңдастыруға асықты" деп санайды.

Назарбаев өзінің өсиетхатын алғаш рет 2014 жылы жазып, онда барлық дүние-байлықты үлкен ұлы Нұрболдың атына аударған. Алайда заңда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне қатысты бап бар. Сондықтан заңды әйелі ортақ мүлікке таласа алады", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Заңгер Бағдат Амандос та арнаның ақпаратын растап отыр.

"Бөкең тұңғышына үлкен үміт артқан. Қолданыстағы заңнама қанша баласы болса да, өсиет қалдырушы көзі тірі кезінде қай баласына (мұрасын - еск.) бергісі келеді, сол баласына беруге рұқсат береді. Болат Назарбаев соны пайдаланып, 14 баланың ішінде бір баласына соңындағы мұрасын өсиет арқылы табыстауы мүмкін. Ал қандай мүліктерді беретіні нотариус арқылы рәсімделеді. Өсиеттен бөлек, өсиетке кірмей қалған мүліктер бар. Сол мүліктердің барлығы қалған мұрагерлердің арасында теңдей бөлінеді.

Бөкең көз жұмғанға дейін ресми түрде некесі қиылған әйелімен ажыраспаған болса, онда ол мұрагер ретінде нотариусқа өтініш білдіріп, үлесін ала алады. Ал өзге әйелдері ше?! Азаматтық некедегі әйелдері мұрагер ретінде таныла алмайды. Алайда Бөкеңнен бала көтерген болса және ол баланың "метіркесінде" Болат Назарбаевтың есімі тұрса, мұрагер санатына қосылады.



Динара? Ол - Болаттың көзі тірі кезінде ресми түрде некеде тұрған әйелі. Осы арада Болат Назарбаев өлер алдында балалардың біреуіне өсиет қалдырған, сол өсиет әлгі кісіге (Динара Кемелханға - еск.) бөгет жасайтын шығар деген ойдамын. Мұның соңы үлкен скандалға ұласады, күмәнім жоқ", - деді заңгер Barys Media-ға берген сұхбатында.

Заңгердің пікірінше, Бөкеңнің ұлан-асыр байлығы халыққа қайтарылып қалуы да ғажап емес.

"Назарбаевтың мұрагерлері ақшаның астында қаламыз деп ойламауы керек. Болаттың активтері қандай жолмен келгені белгілі. Әулеттің үстінен арыз түссе және оның растығы дәлелденсе, жағдай түбегейлі өзгеріп кетуі мүмкін", - дейді ол.

Fragment осы ғасырдың ең масштабты мұра процесінен көз жазбай отыр. Бізбен бірге айқасты тамашалаңыздар👇