Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Британдық мұнай-газ компаниясы Қазақстанға қарсы сотқа шағымданды

56


Лондонда тіркелген Victoria Oil & Gas мұнай-газ компаниясы Кемерколь кен орнын игеру жөніндегі келісімшарттың бұзылуына байланысты Қазақстанға қарсы халықаралық арбитражға шағым түсірді.

Иск 21 наурызда ресми тіркелді. Британдық компания Қазақстаннан талап етіп отырған өтемақы сомасы әлі нақты көрсетілмеген, бірақ төрт жыл бұрын Victoria Oil & Gas бұл шығынды 500 миллион долларға бағалаған. Қазақстан тарапынан сот процесіне Әділет министрлігі жауапты болады.

Компания 2006 жылы Атырау облысындағы Кемерколь кен орнын игеру келісімшартын алған, бірнеше ұңғыма бұрғылаған. Алайда 2008 жылы облыстық экономикалық сот компанияның лицензиясын қайтарып алып, кен орнын «Бақыт Тау» ЖШС-не берген.

Британдық тарап бұл шешіммен келіспейтінін және өз құқықтары үшін күресетінін мәлімдеді. Ұлыбритания мен Канада соттары бұл дауда Victoria Oil & Gas-тың пайдасына шешім шығарған.

Дегенмен дау-дамай әлі аяқталған жоқ. 2021 жылы британдық компания Қазақстан билігіне қарсы сот процесін қайта бастайтынын жариялады және келісімшарттың бұзылуынан келген шығынды жүздеген миллион долларға бағалады.

Кемерколь кен орнының экономикалық маңызы аса үлкен емес. 1991 жылғы бағалауға сәйкес, оның қоры 15 миллион тонна деп көрсетілген, алайда соңғы зерттеулер бұл көрсеткішті 4 миллион тоннаға дейін қысқартты, оның тек 1 миллионы ғана өндірілетін қор.

«Кемерколь Стати ісімен (Боранколь мен Толқын кен орындары) салыстырғанда жүздеген миллион долларлық талапқа сәйкес келмейді. Бұл сот процесінің экономикалық емес, саяси астары бар сияқты», – дейді мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов.

Бұған дейін Кашаган жобасына қатысқан шетелдік инвесторлар да Қазақстанға қарсы арбитражда жеңіске жеткен болатын.


* Фото: Pixabay.