Жылдың аяқталуы қарсаңында кейбір қорытындыларды шығарып, маңызды жетістіктерді атап өтуге болады. Осылайша, ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ «Сапа жұлдызы» ұлттық рейтингінің нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік 20 кәсіпорнының қатарына енді. Сонымен қатар, институттың филиалы - «Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені де беделді «Сапа белгісіне» ие болды.
Жыл сайын Kazakh Tourism компаниясы бұл белгіні туризм индустриясының жоғары стандарттарына сәйкес келетін ұйымдарға тапсырады. Биылғы жылы лауреаттардың қатарына еліміздің туристік бизнесінің 89 жетекші өкілдері кірді, олардың арасында «Бурабай» ЕСК лайықты орын алды.
Филиал бронх-өкпе жүйесінің ауруларын, сондай-ақ олармен байланысты жүрек-қан тамырлары, тірек-қимыл аппараты және неврологиялық бұзылуларды емдеуге мамандандырылған. Кешеннің қызметі сапалы медициналық көмек көрсетуге ғана емес, сонымен қатар тұрақты және елеулі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін оңалту тәсілдерін жүйелеуге бағытталған.
«Бурабай» ЕСК мамандары әзірлеген бағдарламалар жоғары тиімділікті, инновациялылықты және практикалық құндылықты көрсетеді. Пациенттер денсаулығын жақсартып қана қоймай, медициналық персоналдың кешенді тәсілі мен кәсібилігінің арқасында өмір сүру сапасын жақсартуға да мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, филиал өз мамандарының білім беру қызметімен белсенді айналысады. Медицина қызметкерлері үшін семинарлар, біліктілікті арттыру курстары мен тағылымдамалар ұйымдастыру мамандардың кәсібилігін дамытуға және халықаралық аренада қазақстандық медицинаның ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді.
Инновацияларды енгізуге ерекше назар аударылады. «Бурабай» ЕСК жүйелі негізде заманауи жабдықтармен жарақтандырылады, диагностика мен емдеудің озық әдістерін қолданады, бұл оны елдегі жетекші медициналық ұйымдардың біріне айналдырады.
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халықтың денсаулығын сақтау және Қазақстанның медициналық және сауықтыру қызметтері саласындағы беделін нығайту бойынша өз қызметін жалғастыруда.
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ
Баспасөз қызметі