Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Бурабайда «Достар» этноауылда «Домбыра – ұлттық бренд» этно-тур ұйымдастырылды

64

Ұлттық Домбыра күніне орай Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Достар» этноауылда «Домбыра – ұлттық бренд» этно-тур ұйымдастырды.  Қазақ халқының киіз үйі мен айтыс өнері, домбыра аспабы ЮНЕСКО тізіміне енген ең ежелгі мұралар.

Этно-тур бірнеше бөлімдерден құрылған «Домбыраның тарихы және домбыра туралы 10 дерек» бөлімінде домбыраның тарихы әр түрлі ескерткіштер туралы мәліметтер берілсе, «Домбыра үні – ұлттың үні» бөлімінде Арқаның сал серілері  Ақан сері, Біржан сал,  Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ қолдарына домбыра ұстап  ауыл-аймақты аралап серілік құрған. 

«Домбыра ұлттық – өнерде» бөлімінде айтыс ақындары туралы ақпараттар ұсынылды.  

«Дoмбыpaны әлeмгe танытқан тұлғалар» бөлімінде атақты әнші Әміре Қашаубаев, күйшілер Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев, «1999 жылдaн бepi киeлi acпaпты әлeмгe тaнытып жүpгeн тaлaнтты қaзaқтың бipi – Acылбeк Eңceпoв, «Ұлытау» тобы туралы кітаптар, басылымдар қойылды.  

«Домбыра – ұлттық бренд» этно-тур барысында кітапханашылар  іс-шараға қатысқан қонақтарға әр бөлім бойынша қызықты ақпараттар берді.

 Дoмбыpa – қaзaқ хaлқы үшiн қacиeттi ұғым. Дoмбыpaны қaдipлeуiмiз, acқaқтaтуымыз, әcipece, жac ұpпaқ пeн eлiмiздe мeкeндeп жaтқaн бacқa дa ұлт өкiлдepiнe тaнытып, кeлep ұpпaққa жeткiзу – қacиeттi бopышымыз.