Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

24

Munarmedia.kz.01.07.2025 /Астана/-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми хабарлауынша, бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев аса ірі көлемдегі алаяқтық, ұрлық және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оны 9 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу жазасын тағайындады.

Қылмыстық істің материалдары құпияланған, сондықтан тергеудің нақты егжей-тегжейі жарияланбай отыр. Дегенмен белгілісі — Бекетаев өзіне аффилирленген компанияның мүддесін заңсыз қорғап, мемлекетке ірі көлемде шығын келтірген.

Марат Бекетаев Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін 2016 жылдан 2022 жылға дейін басқарды. Кейінірек ол Премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.

Бұл іс — саяси элита арасындағы жаңа кезеңдегі жауапкершілік тәжірибесінің бір көрінісі ретінде бағалануда.