Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейдің адам құқықтарын бұзуы туралы резолюцияны қабылдады.

55


Munarmedia.kz -БҰҰ Бас Ассамблеясы алғаш рет Ресейдің Украинаға басып кіруін «басқыншылық соғыс» деп атады.

БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресейдің Украина уақытша оккупациялаған аумақтарында адам құқықтарын бұзуына қатысты резолюцияны қабылдағанын 17 желтоқсан, сейсенбі күні Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига Х әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

 

«Украинаның уақытша оккупацияланған Қырым автономиялық республикасы мен Севастопольдегі адам құқықтарының ахуалы» құжатын 81 ел қолдаса, 80 ел, оның ішінде Қазақстан, қалыс қалды.


 

Құжатты 14 ел: Беларусь, Буркина-Фасо, Бурунди, Қытай, Куба, Солтүстік Корея, Эритрея, Иран, Мали, Никарагуа, Нигер, Ресей, Судан және Зимбабве қарсы дауыс берді.

«БҰҰ Бас Ассамблеясына және Украинаның уақытша оккупацияланған аумақтарындағы Ресейдің адам құқықтарын бұзуы туралы резолюцияны қабылдаған барлық мүше мемлекеттерге алғыс айтамын. Құжат Ресейден басқыншылық соғысты тоқтатуды және біздің аумақтан барлық қарулы күштерін шығаруды талап етеді», – деп жазды Сибига.

Министр бұл жылғы құжатта ресейлік тараптың украиналық әскери тұтқындарға қатыгездік танытып, азаптау әрекеттеріне және зорлықпен депортацияланған украиналық балаларды қайтару қажеттігіне ерекше назар аударылғанын атап өтті.

«Халықаралық қауымдастық Украина мен халықаралық құқықты қолдайтынын нық түрде дәлелдеп отыр. Украинаға жаһандық қолдау өзгеріссіз қалады», – деді ол.