Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Димашпен кездесті

25
«4 шілдеде ХКҰ Ізгі ниет елшісі ретінде ШЫҰ саммиті аясында Қазақстанға сапармен келген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мырзамен кездестім. Көші-қондағы маңызды мәселені талқыланып, бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтынымды айттым. Бас хатшы көші-қон саласының маңызды тұстарына тоқталды», - деп жазды Д.Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Сонымен қатар, Бас хатшы А.Гутерриш Димаштың өнері бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамды тәнті етіп, оның дауысы адам құқықтарын қорғауда қомақты үлес қосатынын атап өтті. «Мен өз талантымды әлемдегі оңтайлы өзгерістерге пайдалана алатыныма ризамын. Сондықтан бүгінгі түскен фотосуретті қуана отырып көпшілік назарына ұсынамын», - деді әнші. Еске сала кетейік, Астанадағы ШЫҰ саммитінің қарсаңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Silk Way-ге берген эксклюзивті сұхбатында аталған саммит пен Қазақстанның осы ұйымдағы рөлі туралы пікірін білдірді.