Түкия Президенті Ердоған БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде» Палестина
мемлекетінің тәуелсіздігін мойындауды талап етті. Ол өз сөнде» Бүгіңгі БҰҰ
кезекті жиналысы тарихта маңызды қадам жасайды деген сенімім бар. Барлық әлем
мемлекеттерін Палестина тәуелсіздігін мойындап, оның толыққанды БҰҰ мүшесі
болуын талап етемін. БҰҰ әлемде бейбітшілік орнату үшін құрылған ұйым. Алайда
біз соңғы жылдары БҰҰ өз міндетіне немқұрайлы қарай бастағанын байқап отырмыз. »деді.
«Әлемдегші бестіктен кейін» деген тезисінде біз бес державаның әлем
тағдырын шешуіне жол бере алмаймыз. 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль
басқыншыларының Газа секторына жүргізген соғысы нәтижесінде 41 мың палестиндік
қаза болып, 10 мың адам із-түзсіз жоғалды және 100 мыңа жуық адам түрлі дене
жарақаттарын алды. Сонымен бірге БАҚ 172 қызметкері Газа секторында қаза болды.
Соғыс барысында 500 ден астам медицина қызметкерлері, БҰҰ 210 қызметкері қаза
болып, 820 мешіт, 3 шіркеу қиратылып, 130 жедел жәрдем көліктері істен шықты.
Израиль БҰҰ барлық нормаларын аяққа таптады.
Ердағанның айтуынша « Газа секторы әлемдегі
әйелдер мен балалар жерленген молаға айналды. Неге БҰҰ бұл қанды соғысқа «тоқта»
деп айта алмай отыр? 17 мыңнан астам бала израиль әскерінің қолынан қаза тапты.
Әлемдегі технология дамыды, өркениетке жеттік дегенімізбен Газа секторында 12
күн бойы көме күтіп жатқан 6 жасар балаға 8 миллиард халқы бар әлем көмектесе
алмады. Израиля этностарды қырғынға ұшыратып, әлемнің халқына қарсы геноцидтік
шаралар ұйымдастырып жатқанын мойындауымыз керек» деді.