Munarmedia.kz 02.12.2025 /Астана/- Үкімет отырысында энергетика министрі бизнес-процестерді цифрландырудың тиімділігі туралы есеп берді. Оның айтуынша, «Oil transportation management» ақпараттық жүйесінің іске қосылуы мұнай жеткізу кестесін ұсыну мен кестені бекіту мерзімін 7 күннен 2 күнге дейін қысқартып, мұнайды бөлуді автоматтандыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар 123 мұнай базасын қамтитын «Oil Track» жүйесі мұнай өнімдерінің айналымына тәулік бойы мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.
«Осының нәтижесінде өтінімді өңдеу уақытын 3 сағаттан 10 минутқа дейін, отынның «сұр» айналымын 20%-ға дейін қысқартты. Құрылғылардан деректер автоматты түрде 24/7 режимде қабылданып, үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді. Сұранысты болжау және логистиканы оңтайландыру үшін жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда», — деп атап өтті министр.
Цифрлық жүйелерді енгізу отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға қысқартты