Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Даурен Абаев: Қазақстанда Ресейдің миграциялық саясатының қатаңдауына алаңдаушылық туғызып отыр

36


Ресейде еңбек мигранттарының отбасыларын елге алып кіруіне тыйым салу туралы ұсыныс Қазақстан қоғамында алаңдаушылық тудырды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі Даурен Абаев РИА «Новости» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Ресейде талқыланып жатқан еңбек мигранттарының отбасыларын әкелуіне тыйым салу туралы заңнамалық түзетулер, әрине, біздің қоғамда алаңдаушылық тудырады. Өйткені, түптеп келгенде, бұл өз еңбегімен Қазақстан мен Ресей экономикасының дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың тағдырына әсер етеді», – деді Абаев.

Елші Қазақстан мен Ресей халықтары арасында ғасырлар бойы қалыптасқан тығыз байланыстар бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) құрылуы мүше мемлекеттердің азаматтарына еркін қозғалысты қамтамасыз етуі тиіс екенін еске салды.

Абаевтың айтуынша, Ресейде шетел азаматтарының елде болу мерзімінің өзгеруі қазақстандықтарға да қиындық тудырды. Әсіресе, ұзақ уақытқа емделуге, науқас туыстарына күтім жасауға немесе басқа да гуманитарлық мақсаттармен келетіндерге жаңа шектеулер қолайсыздық әкелді. Елші жаңа заң жобасын әзірлеушілер қазақстандықтардың да мүдделерін ескереді деп үміттенетінін жеткізді.

Ресейдегі миграциялық шектеулер қандай?

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресейге визасыз режимде келген шетел азаматтарының елде болу мерзімі жылына 90 күннен аспауы тиіс.

Мигранттардың отбасыларын алып келуге тыйым салу бастамасын 2023 жылдың тамызында ЛДПР партиясы ұсынған.

Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин және Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев бұл идеяны қолдады.

✅ Алайда, қараша айында Ресей Үкіметінің заң жобаларын қарастыратын комиссиясы құжаттардың халықаралық келісімдерге қайшы келетінін айтып, оны қайта қарауды ұсынды.