Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Демеуші "Яндекс" болатынын естіген британиялық топ Алматыда концерт өткізуден бас тартты

45




Бұған дейін британиялық Editors тобы Алматыда өтетін "Яндекс" демеушілігімен Park Live фестивалінде өнер көрсететінін жариялаған еді.

Алайда біраз уақыттан кейін хабарландыру жазбасы жойылды. Енді музыканттар фестивальге қатысудан мүлдем бас тартып отыр.

Топтың хабарламасында фестивальде өнер көрсету үшін "келіссөздер жүргізіліп жатқаны" айтылған.

"Бірақ қазір бізге іс-шараға кім демеушілік жасап жатқаны хабарланған соң, бірден бас тарту туралы шешім қабылдадық. Болашақта Қазақстанға басқа бір жақсы жағдайда келеміз деп үміттенеміз", – дейді музыканттар.