Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Demoscope қоғамдық пікірді зерттеу бюросы "Қазақстандықтардың Украинадағы соғысқа көзқарасы" туралы сауалнама нәтижесін жариялады

azattyk
74


Оған сенсек, Ресей пропагандасы Қазақстан азаматтарының пікіріне әлі де әсер етіп отыр. 

Азаматтардың 10,7 пайызы "Ресей Украинадағы нацистерге қарсы "арнайы әскери операция" (Ресей билігі Украинаға қарсы соғысын осылай атайды – ред.) жүргізіп жатыр" деп сенсе, 17,1 пайызы бұл соғысты "Ресейдің Батыс елдері мен НАТО-ға қарсы күресі" деп ойлайды.

Demoscope зерттеуіне қарағанда, азаматтардың 20 пайызы - Украинаны, 15 пайызы Ресейді қолдайды, Қазақстан қоғамының басым бөлігі екі тарапқа бейтарап қарайды. 

Сауалнама нәтижесіне қарағанда, азаматтардың 58 пайызы Ресейдің Қазақстанға шабуыл жасауы мүмкін емес деп жауап берген. 

Demoscope зерттеуіне сәйкес, азаматтардың 35,1 пайызы соғыс Қазақстан экономикасына теріс әсер еткен деп айтқан, 5 пайызы оң өзгерістер байқаса, 41,3 пайызы соғыс пен экономикалық жағдай нашарлағаны арасында байланыс көрмеймін деп жауап берген.