Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Депутат Ардақ Назаров Түркістанда арақ ішуге және сатуға тыйым салуды ұсынды

27



Мәжілісте Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы талқыланып жатыр.

Отырыста депутат Ардақ Назаров Түркістанда арақ ішуге және сатуға тыйым салуды ұсынды.

«Бір-екі жыл бұрын Түркістанда болғанбыз. Түркістан — рухани астанамыз. Осы заң аясында біз Түркістанда арақ ішуге, сатуға, ләйліп көшеде жүруге заң аясында тыйым салсақ... Өйткені Түркістаннан бүкіл қазақ рух алу керек. Біздің бабаларымыз, батыр, билеріміз жатыр. Ертең шетелден көп қонақ келеді. Сол кезде біздің азаматтар арақ ішіп, алдынан шығатын болса — ұят. Түркістанда араққа тыйым салуға бола ма?», — деді ол.



Түркістанға ерекше мәртебе беретін құжат Түркістанды Қазақстанның рухани-мәдени, тарихи және туристік орталығы ретінде дамытуға бағытталған.