Бақытжан Базарбек дабыл қағып жатыр. Қазақстанда шөлейт аймақтардың шекарасы қорқынышты қарқынмен ұлғайып келеді.
"Қазақтың қара топырағы деградацияға ұшырауда. Шөлді, шөлейтті аймақтардың горизонты кеңейіп жатыр. Қазақстан шөлейттенуге қарсы күрес конвенциясына қосылған, бірақ заңда бұл мәселе айқын көрініс таппаған. Тез арада шара қабылдамасақ, ертең

Сауд Арабиясына айналамыз. Ауыл шаруашылығынан айырылып қалуымыз мүмкін", – дейді депутат.
Айта кетелік, топырақтың деградацияға ұшырауы дұрыс пайдаланылмаған жердің сапасы төмендеп, физикалық, биологиялық әрі химиялық ахуалы бұзылатын қауіпті процесс.
Қазақстанда топырақты қорғауға бағытталған заң жобасы шикі.
АуылМиннің дерегінше елімізде 29,9 миллион гектар жер деградацияға ұшыраған. Бұған қоса, топырақтың құнары 17 пайызға төмендеп, суармалы алқаптардағы сортаңданған жер көлемі 35-37 пайызға өскен. Нәтижесінде елдегі егін өнімділігі де кеміп барады.
Тоқ етерін айтқанда, шөлейттенуге нақты тосқауыл қоймасақ, ертең арабтар секілді құмды жерде түйе бағуға тура келеді.
Мәселе, Мәжілісте бұл саланы жетік білетін маман бар ма?..