Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Депутат Қазақстаннан жемқорлардың шығуына тыйым салуды ұсынды

66


15 қаңтарда Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Азат Перуашев жемқорлық үшін сотталғандарға, жазасын өтеп шыққан күннің өзінде, шетелге шығуға шектеу қоюды ұсынды. Оның айтуынша, бұл бастама елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтаруға ықпал етеді.

🔹 Перуашевтың уәждері:

Шетелге шығуға тыйым салу жемқорларды ұрланған қаражатты қайтаруға мәжбүрлейді, себебі олар өз қаражатын қолданғысы келеді;

Жемқорлар көбіне ақшаларын офшорларға аударып, оларды мемлекеттің бақылауынан тыс қалдырады;

Көп жағдайда жемқорлық үшін сотталғандар жаза мерзімін қысқа уақыт ішінде өтеп, кейін жасырылған қаражаттарын пайдалану үшін шетелге кетіп қалады.

🔹 Мемлекеттік органдардың пікірі:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәселенің өзекті екенін мойындап, оны талқылау қажеттігін атап өтті. Алайда, Азат Перуашев мұндай пікірді жеткіліксіз деп санап, нақты шешім қабылдауға шақырды.

Ерлан Қошанов бұл ұсынысты келесі заң жобасын қарау кезінде егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.


📸 Фото: Ашық дереккөздер