Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Депутат Рау кімнің сойылын соғып жүр?

119

 Бір гәп болуы мүмкін. Депутаттар Рау мен Авершиннің түпкі ойына анализ жасалатын болады

Мәжілісте шыққан шудан кейін "Сол жағалаудағы" аналитикалық орталықтар депутаттар Альберт Рау мен Константин Авершиннің жер қойнауын бөлетін, үлестіретін қызметті мемлекет құзырынан жеке акционерлік қоғамға ауыстырудағы өте белсенді жұмысын сараптай бастады.

Кеше «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске енгізілетін түзетулердің таныстырылымы барысында даулы мәселе туындап, Альберт Рау оны Мемлекет басшысының тапсырмасы деп келтірген болатын. Түзетулерде Геология комитетінің геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйелеу, жинауды, қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі құзыретін ұлттық операторға беру жөнінде норма көзделген.

Бұған депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов қарсы болды.

«Тікесін айтайын. Жер қойнауын 20 жыл басқарған адаммын. Бұл мәселенің бәрін бір кісідей білемін. Мемлекеттік мүддені акционерлік ұйымға беру деген - мүлдем қате. Әрине, комитет министрліктің қарауында. Мынадай сұрақ қояйын деп едім: жұмыс тобына бұрын қатысқан жоқпын. Мынаны Үкіметке қарауға қай уақытта жіберді және Үкіметтен кім берді? Үкіметтің адамы берген болса, анық-қанығын анықтайық. Неге ол бұл тиімді деп санайды? Бұл түбегейлі дұрыс емес. Бірнеше позиция бар. Неге екенін айта аламын. «Үкіметтің қорытындысы бар» дейді. Не үшін қарап отырмыз онда? Мынаны берген Үкіметтің адамы Үкіметтің жағдайын ойлайтын кісі емес. Өте дұрыс емес, қате»



«Кодекске енгізілетін түзетулер инвестордың жер қойнауын алып, оны қалай болса солай игере беруіне жол ашады. Кәмпиттің қабығын ашып, бір тістеп тастай берген сияқты болады. Кенішті сәл шұқиды да, бетіндегі қаймағын сүзіп, қалдырып кете алады. Демек, сол жерге инвестиция тарту, құрылғыларды жаңалау, жергілікті жерге жәрдемдесу сынды кешенді инвестиция болмайды», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Қазір Альберт Рау бастаған топ Кодекске түзетулерді Үкіметке мақұлдатып алған. Нақты кім мақұлдады және олардың түпкі мақсаты неде екені енді анықталатын болады.