Ерлан Сайыров Қазақстан тектоникалық өзгерістер кезеңін өткеріп жатқанын айтты деп хабарлайды Ertenmedia.
Мәжілісмен бұған дейінгі Қошановтың сөзін құптап, Назарбаевтың билігін де, дәуірін де іске алғысыз етті.
"Әбішұлының тұсында Парламент формалды рөл атқарды", - дейді ол.
"Президент өкілеттілігін Парламентке беру, оппозиция рөлін арттыру, Конституцияға өзгеріс енгізу, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік...осының бәрі Тоқаевтың тұсында қолға алынды.
Тоқаевтың мақсаты - Нұрекенңің тұсындағы "жеке басқа табынуды" жойып, халық мүддесін бірінші орынға қоятын жүйе қалыптастыру", - дейді мәжілісмен.
Бірақ, бір кілтипан бір.
Сайыровтың пайымдауынша, бұған Қазақстанның өн-бойына дендеп кіріп алған олигархиялық топтар қарсы келуде.
"Біз бұларды реваншистер дейміз. Бұлар Тоқаев билікке келе сала, реформаторлық курсқа жүйелі түрде қарсы шығып келді. Шын мәнінде, Қаңтар оқиғасы кезінде президент Қазақстанды ауыр алапаттан құтқарып қалды" - дейді депутат.
