Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

ДСҰ әлемдік сауда саласы дағдарысқа ұшырауы мүмкін екенін ескертеді

66

 


 


 

Мұның барлығы Еуроодақтың қытай электромобильдеріне 37,4%баж салығын салуы әсер етті. Одан кейін АҚШ қытай электромобильдеріне 100% салық салды. Брюссель мен Вашингтон қытайдың әлемдік автокөлік саласындағы ережеге бағынбай әділетсіз субсидиялар бөлу арқылы Еуропаға арзан бағалы электромобильдерді сатуы жұмыс орындарының қысқаруына әкеліп соқтырды деп кінәлап отыр. Президент Байденде қытайдың бірқатар тауарларына салықты көбейтіп жіберді. Оның ішінде электромобиль аккумляторлары, компьютерлік чиптер мен электропанельдерді шығаруға қажетті минералдарда бар. ЕО сауда жөніндегі комиссары Волдис Домбровский «Біз импортты қолдаймыз. Бәсекелестік болу керек. Бірақ бәсекелестіктің адал жүргізілгенін қалаймыз» деді. Өткен жылы әлемдік сапуда көлемі соңғы 30 жылда алғаш рет 1,2% төмендеген еді. ДСҰ әлемдіегі геосаяси жағдай оның ішінде Израйль мен Иран, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстардың соңы әлемдік тауар айналымын 5% төмендетуі мүмкін деп болжап  отыр.