АҚШ Президенті Джо Байден өзінің
кандидатурасына алаңдаушылық білдірген демократтарға тұспалдап «Тек ғана Құдай
кет десе ғана кетемін» деп нақты жауабын берді. Жұма күні Ақ үйдің қожайыны Джо
Байден «ABC News» каналына сұқбат берді.
Естеріңізге сала кетсек, президенттікке үміткер Дональд Трамппен болған дебатта
оңбай жеңілген Байденнің денсаулығы мен психологиялық жағдайына алаңдаған
бірқатар жақтастары мен сайлау науқанын қаржыландырушылар алаңдаушылық
білдірген болаты. Тіпті Байденнен сайлауға қатысудан бас тартуды сұрағандарда
болды.
81 жастағы саясатшы тілші
тарапынан қойылған барлық сұрақтарға нақты жауаптар берді. 22 минуттық
сұқбатында Джо Байден: «Маған Құдай, Джо сенің шамаң келмейді. Орныңды босат
десе ғана кетемін. Мені қартайған санаушылар бір нәрсені білуі керек. 15
миллион жұмыс орнын ашқаным, 5 миллион американдық студенттердің қарызын төлеп
бергенім менің қарттығымнан ба?» деді.
Әрине алдағы бірнеше күнде демократтар партиясы нақыт
шешімін шығарады. АҚШ-тағы сайлаудың әлемдік саяси-экономикалық геосаяси
ахуалға әсер ететінін ескерсек, дүниежүзі мемлекеттерінің қараша айында өтетін
сайлауға ерекше мән беріп отырғанын атап өткен жөн. Көп векторлы саясатты
ұстанған Қазақстанның болашағы үшін де АҚШ-та кім президент болатыны алаңдатпай
қоймайтыны анық.
Munarmedia.kz