Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Екі апта сайын есеп бересің! Тоқаев Досаевқа қатаң талап қойды...

79



Президент Тоқаев Алматының әкімі Ерболат Досаевқа нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады деп жазады Ertenmedia.kz.

Президент қала әкімінің алдына мегаполистегі көшелер мен аулаларды абаттандыру, жарықтандыруды жақсарту, тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз әрі сапалы қамтамасыз ету секілді өзекті міндеттерді қойды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын тұрақты өткізіп, жасыл желекті көбейтуді тапсырды.

Кептеліс? Алматыда Өзбекстан президенті Мирзияевті қонақ қылған Тоқаев қаладағы көлік қозғалысын реттеп, тұрғындарды мазалайтын басқа да түйткілдерді тез арада шешу қажет екендігін ескертті.



«Президент Алматы қаласының елдегі ірі қаржы, спорт, туризм және мәдени орталық ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайту үшін басқару жұмыстарын күшейтіп, тәртіп орнатуды тапсырды», – делінген хабарламада.

Аталған тапсырмалардың орындалуы бойынша Досаев екі апта сайын Мемлекет басшысына тікелей есеп беріп отырады. Ерекеңе айтар қандай шағымдарыңыз бар?