Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Еламанұлы Абай -арманы асқақ, мұраты биік азамат

220


 

Сарыарқаның самалы ескен, тарихы тереңде жатқан Ерейментау жері талай ұлы тұлғалардың туған мекені. Абылай ханның серігі Бөгенбай батыр мен Үмбетей жыраудың қоныс тепкен жері. Осы бір сайын далада Ерейменнің ері Еламанның отауында, Әлжан атамыздың немересі болып Абай деген қара домалақ бала өмірге келді. Қазақы тәрбие көріп, құрт кеміріп, айран ішкен Торғай ауылының шаңын бұрқыратып, ат мініп, қой бағып өскен Абай Еламанұлы Әлжан немересінің өмір есігін ашқан күні екен.

Қаршадайынан ана сүтімен дарыған қазақилық пен ұлтқа, тілге, елге, салт-санаға деген құрметі ерекше Абай ағамыз Оксфорд пен Кембридж бітірмесе де, бабасы Бөгенбай батырдай қаны қызу, білімі терең қалайда ұлтқа, елге қызмет етсем деп өскен ерлердің бірі. Ауыл тірлігінің қазанында қайнап, жылқы бағып, құрық ұстап, арғымақ мініп, көкпар тартып үш дүркін чемпион, аударыспақтан бірнеше мәрте чемпион, спорт шеберіне үміткер Абай Еламанұлы  ауылдың бетке ұстар жастарының бірі болды.


Жоғары білім алған соң ауыл басшыларының көзіне түсіп, мал шаруашылық саласында бригадир, бөлімше меңгерушісі болып қызмет етті. 2006 жылдан жеке шаруа қожалығын құрып, ауыл азаматтарын жұмыспен қамти бастады. 2008 жылдары аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды.

Туған ауылы мен Ереймен елінің күрделі мәселелерін көтеріп, ел иглігін арттыруға үлес қосып жүрген азаматты байқаған аудан басшылығы 2012 жылы Торғай ауылының әкімі болуға ұсыныс жасады.


Қандай да жұмыстан болса да қашпайтын, білікті маман, білгір азаматтың ауылға жасаған еңбегін ел біледі. Әрине, біздің елде ауыл әкімі тәуелсіз емес. Барлық қаржы мен шешімдер аудан арқылы шешіледі. Дегенмен де ауылда белсенді жұмыс жасаған Әбекеңе аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Осы жылдардан бастап ауданның мәдени саласына көптеген рухани іс-шаралар өткізіп, Ереймен елінің атын әйгілеп, өнерге толы өлкенің шырағын жағып, шырайын келтіруге барын салды. 2019 жылы облыс басшылығы Ерейментау ауданына әкім болуға ұсыныс жасады.

Бұған дейін ауданға қаншама әкім келіп кетсе де, оң өзгерістер жасауға құлқы болмады ма, құзыреті жетпеді ме белгісіз. Өз топырағында аунап өскен елді басқару үлкен жауапкершілік екенін білген Абай Еламанұлы халықтың қолдауына сеніп «тәуекелге» бел буды.

 Қанжығалы қарт Бөгенбейдың ұрпағы болғандықтан, Ерейментауда туып өскен билер мен батырлардың есімдерін ұлықтауға мұрындық болып, қолдау көрсетіп көптеген рухани, мәдени шаралар өткізді.



 2023 жылы аудан әкімдігінен кетсе де ауданның қоғамдық өміріне араласып, рухани салада түрлі экспедициялармен Ұлытау өңіріне барып, Бөгенбай батыр шайқасқан «Бұланты өзеніне» барып, естелік белгі қойып, батыр рухына тағзым етушілер қатарында жүрді.

Әкім болу ең қиын жұмыс. Бір елді тұрмақ, бір отбасына ие бола алмайтындар бар. Күнделікті жоғарыдан түсетін тапсырмалар мен халықтың талап, тілегін қарау, барынша орындауға тырысу әкімге жүктелген міндет. Дегенмен елім болсын деген Еламанұлы Абайдың артынан шам алып түсіп, шағым ұйымдастырушыларда болды.

Аудан экономикасында барлық ауылға бір жолда  барлығын салып тастау мүмкін емес, қаржы тапшылығы басқа да факторлар әсер ететін шаруаны оңтайлы етіп шешу үшін білім керек. Міне соған қарамастан спорт кешенін, екі 45 пәтерлі үй, тағы екі үйдің жобасын жасап, Ерейментаудың көшелерін асфальттап, «Зеленый хутор», «Кенесары, Мұқатов көшелері» т.б жарықтандыру  жол салу жұмыстарын жүргізді.


Отыз жылға жуық су тартылмаған Еңбек, Жаңажол, Бестоғай ауылдарын сумен қамтып, ары қарай жобалар жасап Сілеті, Ақмырза,Ерейментау қаласын сумен қамтуға арналған жобаларды бастады. Қаншама шағын дәрігерлік пункттер салынды, мектептер  мен Еркіншіліктегі мәдениет Үйі  мен спорт кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Қазір соның игілігін ел көріп отыр. Әбекең аудан әкім болғанда егістік алқабы 70 мың болса, қазіргі таңда 120 мың га ұлғайды. Мал басы өсіп, облыстағы алдыңғы қатардағы ауданға айналды. Әбекеңнің ең басты айтары ел бірлігі.

 Сүйікті Ерейменнің ел қатарлы дамыған аудан болуы. Ауданда тетелес өскен достарымен бірге туыстары, ағайындарымен бірге тату-тәтті өмір сүруді басты принципіне айналдырды. Әлі де туған еліне еңбек етіп, өз үлесін қосуды ойлайытн Әбекеңнің шын мұрат, мақсатын түсінбей жүргендерде баршылық.


«Қызмет қолдың кірі, қызмет кетер, мен қаламын. Туған өлкемнен кеткенде қайда барам. Ереймен халқы кең қолтық, ата-салтына берік, ауыз бірлігі мол халық. Мінезді халық. Ең бастысы ауданға келіп жатқан жаңа басшылық Президентіміздің қазіргі саясатын қолдай отырып, «Ауыл аманаты» т.б мемлекеттік жобаларға уақытында жобалар жасап, бөлініп жатқан қаржыға ел игілігіне жарайтын іс жасаса деген тілегім бар» дейді Әлжанов Абай Еламанұлы.

Бізде өз тарапымыздан ұлтым деп жүрегі соққан, тұлғасы таудай, арманы асқақ асыл азаматты туған күнімен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына бақыт пен баянды ғұмыр тілейміз.

Асылбек Байжұмаұлы, саясаттанушы, журналист