Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбековтың сөзінше, заң аясында нөмір жоспарын мемлекетке қайтару ұсынылмақ. Нөмір жоспары мемлекетке қайтарылса, азаматтар абоненттік немесе қалалық нөмірді электронды үкімет порталынан немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы ала алады дейді.
Сонымен қатар жеке тұлғаға берілетін нөмір саны шектелмек. Жұмыс бабымен SIM-картаны қолданатын заңды тұлғалар әр нөмірді не үшін сатып алатынын нақтылауы керек дейді.
Елімізде азаматтарға SIM-карта сатуға шектеу енгізілмек
