Елімізден жаңа туған сәбилерді әкетуге тырысқан шетелдіктер ұсталды

38


Munarmedia.kz 02.12.2025 /Астана/-11 қарашада Алматы халықаралық әуежайында екі отбасы суррогат аналардан туған жаңа туған сәбилерді алып кетуге әрекет жасаған сәтте ұсталды. Балалардың құжаттары болғанымен, шекарадан өтуге рұқсат берілмеген.

Осы оқиға бойынша Алматы полициясы «Кәмелетке толмаған балаларды саудалау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.