Елордадағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 450-ден астам тауар түрін технологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкестігі бойынша тексерді. Нәтижесінде, 119 тауар талаптарға сай болмай шыққан, деп хабарлайды КТК.
🔹 Анықталған заңбұзушылықтар:
Беларусьта өндірілген сүттің май-қышқыл құрамы стандарттарға сәйкес келмейді.
Ресейлік ұннан мырыш пен темір мөлшерінің төмендігі анықталған.
Қазақстандық шайдан нормативтерде қарастырылмаған бояғыштар табылған.
Маркировка ережелерінің бұзылуына байланысты келесі өнімдер дүкен сөрелерінен алынып тасталады:
❌ «Шайн мускат» жүзімі
❌ Дубайлық шоколад
❌ «Доширак» кеспесі
❌ Үш түрлі шай
«Азық-түлік өнімдерінде маркировканың болмауы тұтынушыларды шатастырып, қауіпті деп саналады, өйткені тауардың құрамы мен шығу тегі туралы нақты ақпарат жоқ», – деп мәлімдеді Астана ДСЭК бөлімінің басшысы Қарлығаш Әбдішева.
📸 Фото: Ашық дереккөздер