Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

«Елші жоқ. Рубио хабарсыз». Қазақстандағы АҚШ елшілігі не істерін білмей отыр

61



Биыл Дональд Трамптың инаугурациясы болған 20 қаңтар күні Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм қарсылық ретінде зейнетке шығып, жұмыстан кетіп қалған болатын. Ол 28 жыл бойы дипломат болды. Қазақстанда елші ретінде 2022 жылдың қараша айынан бері қызмет етті.

«Трамп келгелі Астанадағы елшілікте бардак болып жатыр. Жаңадан елші тағайындалған жоқ. Елшіліктегі штатты 10 пайызға қысқарту бойынша тапсырманы орындау керек. Уақытша сенімді өкіл Дебора Робинсонның адамдарды қысқартуға өкілеттілігі бар ма, жоқ па белгісіз. Ол әлі бұл жердегі жағдайды дұрыс білмейді. Жұмыс бір паузада тұрған сияқты. Қызметкерлер де өзін жайсыз сезініп жүр», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.



АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың кеңсесінен Қазақстандағы АҚШ елшілігіне ешқандай директива келмеген. Оптимизацияға қатысты техникалық тапсырмалардан басқа, кездесу ұйымдастыру, саяси диалогқа қатысты ешбір бағыт берілмеді. Жаңа елшінің кім болатыны белгісіз.

«Елшілік тіпті осы күзге дейін елшісіз отырса таң қалмаймын», - дейді, дереккөз.



Де-юре елшілікті қазір Қазақстандағы АҚШ миссиясы Уақытша Іс бойынша сенімді өкілді Дебора Робинсон басқарады. Осы қызметке дейін ол Вашингтондағы әскери-саяси мәселелер бюросының Сыртқы саясат жөніндегі кеңесшілер (POLAD) бағдарламасының директоры болды. Астанаға Ташкенттен ауысып келген Дебора әзірге жұмыстың ішкі кухнясына толық кірісіп кете алмады. Дәл осы кезде президент ауысып, АҚШ-тың сыртқы саясаты мен жалпы бағыты үлкен трансформацияға ұшырай бастады. Бұл да Дебораға ауыр тиіп жатқаны түсінікті.

Елші болсақ жоқ. Не істеу керектігін ешкім түсіндіріп те айтпайды. Мұндай жағдай Қазақстандағы АҚШ елшілігінде соңғы 20 жылда болмаған.