Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ердоған экономиканың құлдырауына оппозицияны кінәлады

50

Түркияда оппозиция өкілі, Ыстамбұл әкімі Экрем Имамоғлы тұтқындалғаннан бері наразылық шаралары аяқталар емес. Оған жемқорлық және терроризм баптары бойынша айып тағылған.Түркия президенті Р.Ердоған оппозицияның толассыз қарсылығы соңғы он жылда болмаған экономикалық құлдырауға әкеліп отырғанын мәлімдеді.

Ердоғанның бұл сөзі Республикалық халық партиясының (РХП) билікті қолдайтын компанияларға байкот жариялауға шақырғаннан кейін іле-шала айтылған.

Түркия басшысы оппозицияның мемлекет пен халықты отқа итеруден тайынбай тұрғанын мәлімдеді.

Билеуші Әділет және даму партиясының депутаттарына жолдауында Ердоған «түрік экономикасына бағытталған бүлікті ұйымдастыршылар сот алдында жауап береді», деді.