Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израиль премьер –министрі Нетаньяхуды Адольф Гитлерге теңеп оны әлемдік қауымдастық тоқтатады деді. «Барлық әлем бірігіп Гитлерді тоқтатқандай бір күні Нетаньяхуды да тоқтатады. Израиль жасаған зұлым геноциді үшін бәрібір жауап береді. Осыдан бір жыл ғана тірі жүрген 50 мың қарындастарымыз бен інілерімздің, бауырластарымыздың қаны жібермейді. Олардың туыстарының көз жасы жібермейді. Ауруханалар, рухани орталықтар, мектептер тас-талқан болды. Қаншама журналистер, құтқарушылар, әлем бейбітшілігін сақтауға тырысқан елшілер бар. Жауап бересің» деп жазды Газа секторындағы соғысты еске ала отырып Ердоған мырза.