Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сирия аумағында әрекет ететін сепаратистік ұйымдарға қатаң ескерту жасады.
«Біз Сирияны бөлшектеу әрекеттерімен келісе алмаймыз. Егер оның біртұтастығына қауіп төнсе, Түркия қажетті шараларды бір сәтке де кешіктірмей қабылдайды», — деп мәлімдеді Ердоған.
⤵️ Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП) мен оның Сириядағы одақтастарының айналасындағы шеңбердің күннен-күнге тарылып келе жатқанын атап өтті.
Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан өз кезегінде Батыс барлау қызметтерін аймақ істеріне араласуда айыптады. Оның айтуынша, олар Таяу Шығыс елдерінің тұрақтылығын бұзу үшін террористік ұйымдарды пайдалануда.
🗣 Министрдің айтуынша, КЖП-ны жою — тек уақыт мәселесі.
«Күрдістан жұмысшы партиясы Сириядағы қазіргі оқиғаларды пайдаланып қалуға тырыспауы керек. Олардың уақыты аяқталып келеді», — деп мәлімдеді Фидан.