Осыдан бірнеше жыл бұрын аудан тұрғындары мешіт алқасының
бастамасымен дүниеден өткен адамдарға арнап ас беретін асхана салған еді. Аудан
тұрғындары атсалысып салған ғимарат өткен жылы пайдалануға беріліп,
ас-дұғаларын беріп жүрген ғимарат жыл бастала салысымен аудан әкімі Мұқатов Нұрланның көзіне түскен тәрізді.
Иа, аудан орталығында бірнеше жақсы ресторандар баршылық.
Алайда олардың бір адамға шаққандағы бағасы 2500 тенге болса, мешіт асханасында
бір орын 800 тенге. Ауданға әкім келе салысымен бірнеше ірі даудың басына
айналған Мұқатовта тұқалмайды екен. Аудан ақсақалдары облыс әкімі Марат Мұрат
Ахметжановқа арыз, шағымдарын жеткізсе де «мыңқ» еткен Мұқатов жоқ.
Енді жыл басталысымен аудандық мешіт асханасының құжаттары
реттелмеген деген сылтаумен жақында «сайланған» қала әкімі Ахметов Талғатқа обылстық сәулет,
құрылысы бақылау басқармасына хат жаздырып, мешіт асханасын жабу қажеттігін
талап еткен. Мұны естіген аудан ақсақалдары обылс әкімі Марат Ахметжановтың
атына бейне үндеуде жариялады.
Өкінішке орай, қорған болар жан таппаған ауыл тұрғындары облыс басшысынан оң шешімін табар деп үміттенуде. Айтпағымыз, ел игілігіне қызмет етіп жатқан мешіт асханасын жабуды талап еткеннің орнына, жабуды талап еткен аудан басшылығы кәсіпкерлер мен жергілікті азаматтарды бастамашы етіп, керісінше құжаттарын реттеп беруге болмай ма?
Қашанда қара халыққа қарсы жұмыс жасайтын әкімдердің кімдердің
мүддесін қорғап отыр деген ой келеді.
Айтпақшы, жақында аудан тұрғындары жыртылып аудан әкімдігінің төбесінде жыртылып қалған туыдың фотосын жіберіп еді. Мемлекетттік мекеме неге мемлекеттік рәміздерге салғырт қарайды?
Аудан тұрғынының айтуынша, «Көк байрағымыздың көгімізде желбіреп,тұғыры биік болып тұрғаны тәуелсіз қазақ елінің мақтанышы емес пе!? Бірақ,халыққа қызмет ететін Ерейментау қалалық әкімшілігі мемлекеттік туға деген құрмет танытып тұрған жоқ. Бір аптаның көлемі ме,одан да көп пе кім білсін ғимаратта желбіреп тұрған көк Туымыз алба жұлба жыртық тұрғаны. Неге күнде келіп кететін жұмыс орнындағы Туға назар аудармаған әкімшілік? Рәміздерімізге деген құрмет қайда? Неге құзырлы бөлімдер бақылау жүргізбейді? Қала бойынша қанша Туымыздың тозып,тұғырларының қисайып тұрғанын кім қадағалайды?
Мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет мемлекеттік мекеме басшылары тарапынан табылмаса, өзге намысы жоқ, ұлтқа,тілге, рәміздерге деген құрметі жоқтар не істемейді..Жаңа Қазақстанда осындай мекеме басшылары қалай басшылық етеді, өскелең ұрпақты туға,тілге, әнұранға, ел таңбаға деген сыйластықты, құрметті қалай үйретіп тәрбие бере алады?» дейді. Расында да мемлекеттік рәміздерге деген құрмет көрсете алмаған күнделікті бақылауда ұстамаған аудан әкімдігі мешіт асханасымен емес, алдымен әкімдіктің төбесінде тұрған мемлекеттік рәміздерді реттеуден бастағаны жөн сияқты.
Біз өз тарапымыздан Ерейментау ауданы әкімдігінің ресми түсініктемесін күтеміз.
Асыл Байқадам