Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Еуро-2024: Албания құрамасы Испанияға есе жіберіп, турнирден шығып қалды Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/sport/football/2123274-euro-2024-albaniia-quramasy-ispaniiaga-ese-zhiberip-turnirden-shygyp-qaldy/

10
B тобындағы екі құрама Дюссельдорфта (Германия) кездесті. Бұл ойын 0:1 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 13-минутта Испания құрамасының ойыншысы Ферран Торрес салды. Айта кетейік, Албания командасы осыған дейін Италиядан 2:1 есебімен ұтылса, Хорватиямен тең ойнаған болатын (2:2). Осылайша, албаниялықтар үш турдың қорытындысы бойынша 1 ұпай ғана жинап, B тобында соңғы орынға жайғасты да, жарыстан шығып қалды. Ал Испания құрамасы Хорватияны 3:0, Италияны 1:0 есебімен жеңген еді. 9 ұпай жинаған испаниялықтар плей-офф кезеңіне бірінші орынмен өтті. Футболдан Еуропа чемпионаты Германияның 10 қаласында өтіп жатыр. Топтық кезең 26 маусымға дейін жалғасса, плей-офф кезеңі 29 маусымда басталады. Турнирдің финалы 14 шілдеде Берлиндегі "Олимпиада" стадионында болады. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/sport/football/2123274-euro-2024-albaniia-quramasy-ispaniiaga-ese-zhiberip-turnirden-shygyp-qaldy/