Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Еуропада Coca-Cola сатылымнан алынып, дүкен сөрелерінен хлорат деңгейі жоғары сусындар шығарылуда

orda.kz
101


Coca-Cola, Sprite, Fanta, Minute Maid, Nalu және Tropico сусыстарының қараша айының соңынан бері өндірілген партиялары Бельгия, Люксембург және Нидерланды дүкендерінен алынып тасталуда.

BBC мәліметінше, 328G-ден 338G-ге дейінгі өндірістік кодтары бар сусындарда химиялық заттың жоғары деңгейі анықталған. Хлорат әдетте дезинфекциялау құралдарында қолданылады. Өндіруші бұл жағдай тұтынушыларға елеулі қауіп төндірмейтінін мәлімдеді:

«Тәуелсіз сараптамалық талдау көрсеткендей, анықталған заттың мөлшері тұтынушылар үшін өте төмен қауіп тудырады».

Алайда, өндірушіге қатысы жоқ мамандар хлораттың жоғары концентрациясы денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл зат, әсіресе балаларда, қалқанша без ауруларын тудыруы ықтимал.