Munarmedia.kz 21.08.2026. АСТАНА 2026 жылғы шілдеде Грузия Қазақстаннан 5,5 мың тонна мұнай импорттады. Оның жалпы құны 3,2 млн долларды құраған. Бұл туралы Грузияның Ұлттық статистика қызметінің деректеріне сүйенген жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Осылайша, қазақстандық мұнайдың орташа импорттық бағасы шамамен 582 доллар/тонна болған. Бұл Ресейден сатып алынған мұнайдың орташа бағасынан шамамен 40 пайызға жоғары.
Салыстыру үшін, өткен айда Грузия Ресейден өзінің мұнай өңдеу зауыны үшін 87,4 мың тонна шикізат сатып алған. Оның құны 36,4 млн долларды құрады. Есеп бойынша, ресейлік мұнайдың орташа бағасы шамамен 417 доллар/тонна болған.
Қазақстан мұнайын Грузияға жеткізу көлемі Ресей импортымен салыстырғанда айтарлықтай төмен болғанымен, екі елден алынған шикізат бағасы арасындағы айырмашылық назар аудартады.
Айта кетейік, Black Sea Petroleum — Грузиядағы мұнайды толық циклмен өңдеуге мүмкіндік беретін алғашқы әрі жалғыз мұнай өңдеу кәсіпорны. Зауыт Қара теңіздің шығыс жағалауындағы Кулеви портында орналасқан.
#MunarmediaKZ #Астана #Қазақстан #Мұнай #Грузия #Ресей #МұнайНарығы #Экономика #Энергетика #ҚараТеңіз #Жаңалық