Гүлнар Бажкенова өзін сотта қорғаушы таппай отырғанын мәлімдеді

32

Munarmedia.kz05.07.2026. ASTANAOrda басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бәжкенова өзіне қатысты сот ісінде қорғаушы табу қиынға соққанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, адвокаты Мұрат Адамның адвокаттық лицензиясы тоқтатылғаннан кейін бес адвокат істі қорғауға алудан бас тартқан. Соның нәтижесінде сот Бәжкеноваға Алматы қалалық адвокаттар алқасынан мемлекеттік қорғаушы тағайындаған.

Бүгін Гүлнар Бәжкеноваға қатысты негізгі сот талқылауы басталды.

Іс бойынша 11 жәбірленуші тіркелген. Олардың қатарында «OrdaMedia.kz» ЖШС-нің директоры Мақсат Ғаниев бар. Сонымен қатар сот процесіне «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және өзге де ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Сот отырысында прокурор айыптау актісін шамамен бір жарым сағат бойы оқыды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Гүлнар Бәжкеноваға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылған:

  • 214-бап – заңсыз кәсіпкерлік;

  • 274-бап – көрінеу жалған ақпарат тарату;

  • 189-бап – ұйымдасқан топ жасаған немесе аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін иемдену не ысырап ету.

Айыпталушы өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеді.

Іс бойынша сот талқылауы жалғасады.

#ГүлнарБәжкенова #Orda #Сот #Қазақстан #ҚылмыстықІс #Құқық #Munarmedia