Интернетте отырып басқаны қорласаңыз айыппұл төлейсіз

14


Munarmedia.kz.12.09.2026. ASTANA Қазақстанда интернетте адамды қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Тиісті бап бойынша салынатын айыппұл көлемі 865 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Қорлау туралы шағымдар сотта жеке айыптау тәртібімен қаралады. Өткен жылы мұндай 6,2 мыңға жуық арыз түскен. Оның 970-і ғана сотта қарауға қабылданған.

2026 жылдың алғашқы жартысында 2,7 мыңнан астам шағым беріліп, оның 440-ы сот өндірісіне қабылданды.

Жауапкершілік әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және онлайн-платформаларда жасалған қорлау әрекеттеріне де қатысты болуы мүмкін.

Бұл өте дұрыс болды. Әлеуметтік желіде аузына келгенді айтатындар үшін сабақ болар.

#Қазақстан #Заң #Құқық #Интернет #ӘлеуметтікЖелі #Munarmedia