Иранның Қорғаныс министрлігі Таяу Шығыста шиеленіс күшейіп жатқан тұста, Ормуз бұғазын жабуға дайын екенін ескертіп, мәлімдеме жасады. Хабарлама министрліктің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
«Енді мұнай тасымалдайтын танкерлер Еуропаға Ормуз бұғазы арқылы өте алмайды», — делінген ведомствоның мәлімдемесінде.
📍 Ормуз бұғазы неліктен маңызды?
🌍 Бұл теңіз дәлізі арқылы әлемдік мұнай экспортының шамамен бестен бірі өтеді.
Ормуз бұғазы — Парсы шығанағындағы негізгі экспорт жолы, әсіресе Сауд Арабиясы, Кувейт, БАӘ, Ирак және Иран секілді елдер үшін стратегиялық маңызы өте жоғары.
🔻 Талдау: Иранның бұл мәлімдемесі — АҚШ-тың ядролық нысандарға жасаған соққыларына берілген қатаң жауап және әлемдік мұнай нарығына тікелей әсер етуі мүмкін геосаяси қысым тетігі.