Munarmedia.kz 07.03.2026 /Astana/ – Иранға қарсы әскери қимылдардың басталуынан кейін Түрікменстанда азық-түлік, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары мен темекі өнімдерінің бағасы айтарлықтай қымбаттады.
Мәліметтерге сәйкес, картоп пен қияр бағасы 3–3,5 есеге дейін өскен. Ал цитрусты жемістер екі есеге қымбаттаған. Темекі өнімдерінің бағасы орта есеппен 35–40 пайызға артқан.
Түрікменстанда бірқатар өнімдер өз ішінде өндірілгенімен, ел экономикасы Ираннан келетін импортқа айтарлықтай тәуелді. Жергілікті тұтынушылар ирандық тауарлардың сапасын көбіне түрікмен өнімдеріне қарағанда жоғары бағалайды. Көрші елдегі соғыс жеткізілімдердің үзілуіне алып келіп, бағаның күрт көтерілуіне себеп болған.
Ең көп қымбаттаған өнімдердің қатарында көкөністер мен жемістер бар. Мәселен, ақпан айының соңында Ашхабадта ирандық картоптың бір келісі 5–6 манат (шамамен 0,26–0,31 доллар) тұрған. Қазір оның бағасы 17 манатқа (шамамен 0,87 доллар) дейін жеткен.
Сондай-ақ қиярдың бір келісі 8 манаттан (0,41 доллар) 17 манатқа дейін көтерілген. Бірнеше күн бұрын 10 манатқа (0,51 доллар) сатылған алма да қазір 17 манат тұрады.
Айта кетейік, Түрікменстанда ресми валюта бағамы бойынша 1 АҚШ доллары 3,5 манатқа тең, алайда бейресми нарықтағы бағам бұдан өзгеше болуы мүмкін.
Толығырақ біздің Telegram арнамызда:
https://t.me/Munarmedia