Вице-министр Санжар Әділовтың сөзінше, қылмыстық іс бойынша 11 айыпталушы қамауда отыр. Олардың барлығы да жауапқа тартылады. Жыл соңына дейін барлық сараптамалар алынып, тергеу әрекеттері аяқталады.
Айта кетейік, 4 қазанда жасөспірім Шерзат Полат бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан еді. Ал 12 қазанда марқұмның үйі өртенген. Сондай-ақ желтоқсан айының басында Талғар қаласының шетінен жасөспірімнің ағасы, 30 жастағы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.