Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Израиль Газа секторын толық жаулап алмақшы

36




Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Палестинадағы «Хамас» қозғалысына қарсы жүргізіліп жатқан «беспрецедентті» операцияның мақсаты – Газа секторын толықтай басып алу екенін жариялады.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Нетаньяху гуманитарлық көмек көрсету қайта жанданатынын айтты. Бұл – наурыз айының басында шектелген еді. Ол «Хамас» тұтқындарды босатып, берілуге мәжбүр болады деп үміттенеді.

Израильдің қаржы министрі Безалель Смотрич та операцияның соңғы мақсаты – Газа секторын түгелдей иемдену екенін растады.

«Бұл жолы амал басқаша. Жай рейдтер емес, толық оккупация, тазалау және аймақты бақылау. Біз „Хамас“ жойылғанша тұрамыз. Және сонымен бірге Газа секторындағы бар террористік орталықты түгел қиратып тастаймыз», – деді Смотрич.

Екі күн бұрын Израиль Газа секторына толыққанды шабуыл бастады. «Гедеонның арбалары» деп аталатын операция – 2023 жылдың қазанында «Хамас» жасаған шекаралық шабуылға жауап ретінде жүргізіліп жатқан науқастың соңғы кезеңі.