Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Израильді тоқтату керек – Ердоған Астанада Газадағы құрбандар жайлы сөз қозғады

32
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Астанада өткен «ШЫҰ плюс» отырысында сөз сөйледі. Ол ШЫҰ елдерін Газа секторындағы соғысты тоқтату үшін Израильге халықаралық қысымды күшейту керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. – Көз алдымызда Палестинаның оккуапцияланған аумағында не болып жатқанын көріп отырмыз. Газа секторына жасалған шабуылдардың салдарынан 37 мыңнан астам адам көз жұмды, 90 мыңнан астам адам жарақат алды. 16 мың бала көз жұмды. Қирандылардың астында балалар өліп жатыр. Шын мәнінде, бұл қирандылар – өз легитимділігін жоғалтқан халықаралық жүйенің күйреуі іспеттес. Осы мәселеге нүкте қою үшін Израильді тоқтату керек. Ол үшін халықаралық қысым Израиль билігіне қарсы жалғасып, күшейтілуі керек. Сөзсіз, халықаралық тәртіп бетпе-бет келетін осынау сынақтар мен тегеуріндер арасында үні шығып, жаһандық әділеттілік керектігін айтып жүрген елдер бар. Пессимизмге ол елдер берілмейді. Біздің Түркия қазіргі халықаралық тәртіптің әлсіздігіне мән беріп келеді. Әділет күште емес, – дейді ол. Фидан Израиль этникалық тазартуды жалғастырып жатқанын атап өтті. "Күн сайын жаңа әскери қылмыстар жасалады", – деді ол Газа секторындағы жағдайға сілтеме жасап. Министр Анкара "барлық платформаларда өз дауысын көтеруді" тоқтатпайды және Газадағы басқыншылардың қылмыстарын тоқтату үшін дипломатияның барлық құралдарын пайдаланады деп сендірді. Тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға шақыру Қақтығысты шешу тек Таяу Шығыста Израильмен бірге болған 1967 жылғы шекарада тәуелсіз Палестина Мемлекетін құру болуы мүмкін, деді Фидан. Дипломатиялық күресті жалғастыру Фидан Түркия палестиналықтар үшін әділеттілік пен бейбітшілікке қол жеткізу үшін халықаралық аренада күш-жігерін жалғастыратынын растады. Бұған дейін Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок екі тәуелсіз мемлекет-Израиль мен Палестинаны құруға бағытталған АҚШ президенті Джо Байден жоспарын қолдайтынын жеткізген. Тель-Авивте Израиль туын желбіретіп, үкімет пен премьер-министр Беньямин Нетаньяхуға қарсы ұрандар айтқан ондаған мың адам наразылықпен көшеге шыққан еді.