Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Кедейлік шегі қайта қарала ма? Дүниежүзілік банк Қазақстандағы жағдайға баға берді

85



Munarmedia.kz / 20.06.2025 / Астана-Қазақстандағы кедейлік шегін және ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарау мәселесі орынды ма? Бұл туралы Дүниежүзілік банктің кедейлік мәселелері жөніндегі аға экономисі Метин Небилер пікір білдірді.


⚡️ Нақты деректер

2025 жылға дейін Қазақстандағы ресми кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын құраған. 2024 жылы бұл көрсеткіш 33 557 теңге деңгейінде болған.

Метин Небилердің айтуынша, бұл деңгей орта табысты елдер арасында орташа көрсеткіштен төмен. Дүниежүзілік банк Қазақстанды дәл осы орта табысты елдер тобына жатқызады.

«Бүгінгі презентацияда көрсеткеніміздей, орта табысты елдердің кедейлік шегі әртүрлі. Кейбір мемлекеттерде ол өте биік әрі өршіл деңгейде белгіленсе, енді бір елдерде тым төмен. Қазақстанның көрсеткіші Иранмен шамалас, яғни бұл — топ ішіндегі медианадан сәл төмен, бірақ тым алшақ емес», — деді сарапшы.


⚡️ Шекті көтеру керек пе?

Метин Небилер кедейлік шегін көтеру мүмкіндігі ең алдымен мемлекеттің ресурстық әлеуетіне байланысты екенін атап өтті.

«Егер мемлекет әлеуметтік көмекті кең ауқымдағы халық топтарына көрсете алатындай ресурстарға ие болса, онда кедейлік шегін арттыру орынды әрі тиімді болады», — деді ол.


Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейі қайта қарау тақырыбы жиі көтеріліп, қоғамда белсенді талқыланған болатын. Сарапшылар бұл көрсеткіштер елдегі нақты өмір сүру деңгейін ескермейді деп сынаған.