Моңғолияның 2025 жылға арналған бюджеттік заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, білім беру саласына қатысты 190 жоба мен іс-шараны жүзеге асыру үшін 472,7 млрд тугрик (шамамен 138 млн АҚШ доллары) бөлінді.
Елдің жалпы халқының 36,3%-ын (1,3 млн адам) 0-17 жас аралығындағы балалар құрайды, олардың 51,4%-ы ұлдар, ал 48,6%-ы қыздар. Осыған байланысты мектептер мен балабақшаларға деген қажеттілік өте жоғары.
2025 жылы:
79 мектеп (39 670 орын),
60 балабақша (9 435 орын),
6 кешен (1 680 орын),
16 мектеп-интернат,
9 спорт залы,
4 университет корпусы,
4 кәсіптік колледж,
және тағы 4 ғимарат пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Моңғолияда күн сайын орта есеппен 200-ден астам бала дүниеге келеді. Ай сайын шамамен 6 000 сәби дүниеге келеді, бұл дегеніміз әр сағат сайын 9 нәресте туылады.
Осындай демографиялық өсім жағдайында білім беру және мектепке дейінгі мекемелерге инвестиция құю – ел болашағы үшін маңызды қадам.