Munarmedia 27.01.2026 /Астана/ Полиция қызметкерлері 140-тан астам құты мен 400-ге жуық таблетканы, сондай-ақ оларды өлшеп-бөлуге арналған құралдар мен онлайн-есірткі саудасын ұйымдастырушылармен жазысқан хат-хабарларды тәркіледі.
Тергеу мәліметінше, 32 жастағы ер адам қоймашы әрі дәрілерді қаптаушы рөлін атқарып, препараттарды «жасырын орындар» арқылы таратқан. Оның айтуынша, аталған партия кейіннен өткізу үшін алынған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар 2026 жылдан бастап Қазақстанда мұндай заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгені атап өтілді.