Көкшетауда Ұлттық ұланның әскери бөлімінде 300-ден астам жас сарбаз әскери ант қабылдады.

26

Munarmedia 27.01.2026 /Астана/  Салтанатты рәсім барысында жас жауынгерлер Қазақстанға адал қызмет етуге ант берді.

Офицерлердің, түрлі мекеме басшыларының және ата-аналардың қатысуымен өткен шарада сарбаздар саптық дайындықтың жоғары деңгейін және тәртіптілігін көрсетті.

Алдағы уақытта жас сарбаздар әскери қызметтің негіздерін, жауынгерлік жарғыларды, сондай-ақ тактикалық және кәсіби дайындықты меңгеруге кіріседі.