9 қарашада Әнуар Кумпекеев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін Ақмола облысының Степногор қаласын, Павлодар облысының орталығы Павлодар қаласын басқарған Әнуар Кумпекеев Мәскеу мемлекеттік университетін. "Болашақ" бағдарламасы бойыша Ұлыбританияда магистрлік қорғаған. Бұған дейін Павлодар қаласының әкімі бола салысымен бюджет қаражатын шығынға ұшыратып, қымбат қызметтік пәтер мен 6 миллион тенгеге қымбат жиһаз алғаны үшін облыс әкімінің сенімін жоғалтты деп қызметтен кеткен болатын. Одан кейін "Транстелеком" Ақ төрағасының орынбасары, Ақмола облысы әкімінің кеңесішісі қызметтерін атқарған Әнуарға Көкшетау қаласын басқару сенімі жүктелді. Өткендегі қателіктерін түзетіп, қаладағы қордаланған проблемаларды шешеді деген үміттеміз. Облыс әкімі Марат Ахметжановтың таңдауы әлеуметтік желі мен БАҚ бірқатар сұрақтар туындатты. Бір жерде тиісті нәтижеге жетпеген адамдарды екінші жерге лауазымды қызметке қоя беру де "Ескі Қазақстанның" әдісі. Ағалар мен көкелердің сұрауыммен тағайындалып отырғанда ешқашан еңбегінен нәтиже болмасы анық. Қазіргі таңда Ақмола облысының Аршалы ауданында да екі айдан астам уақыт әкімсіз отыр. Аршалыға соңғы 12-13 жылда 11 әкім келіп кетті. Одан дамыған аудан жоқ. Астанаға іргелес ауданның тағдыры, саяси-әлеуметтік, экономикалық ахуалы күннен күнге нашарлап келеді. Ең соңғы рет Егор Каппель жергілікті азамат аудан әкімі болды. Одан кейін келіп кеткендер ұзағаны 2 жыл, ең қысқасы 9 ай әкім болды. Қазіргі таңда ауданның көптеген жергілікті азаматтары Астана және оның төңіректерінде қызмет істеуге мәжбүр. Бұл туралы ауыл ақсақалдары облыс әкімі Марат Ахметжановқа қанша айтса да, облыс әкімі аппаратындағы интриганттар дұрыс кандидат таңдауға мүмкіндік берер емес. Аудандағы әкімдік орынтаққа таласқан екі орынбасар да кезінде істі болған деседі. Сондықтан да ауданға халықты танитын, сол ауданда тұратын, проблемасын білетін азаматтың келуін аудан халқы күтіп отыр. Шешім сізде, Марат мырза!