Қаржы нарығын реттеу агенттігі несиеге көлік алғысы келетін азаматтардың борыш жүктемесін 2027 жылға дейін есептемеуді ұсынды.
Еліміздегі банктер мен микроқаржы ұйымдары адамның несиені өтей алатын, я өтей алмайтынын арнайы есеп арқылы тексеруге міндетті. Егер адамның қарызы көп болса, оған жаңа несие берілмецді. Енді Агенттік отандық автомобиль өнеркәсібін дамыту үшін осы шектеуді алып тастамақ.
Енді клиенттің ай сайынғы қарызы табысының жартысынан артық болып жатса да, банк оған көлік сатып алуға несие беруі мүмкін.
Банктер мына жағдайларда борыш жүктемесін ескермейді:
жаңа автокөлікті өзін кепілге қойып сатып алғанда;
бұрын мінілген, кепілге қойылған және 50% бастапқы жарнасы төленген автокөлікті;
3 жылға дейін пайдаланылған, кепілге қойылған және 30%-дан 50%-ға дейін бастапқы жарнасы төленген көлікті сатып аларда.
Қаулы жобасы 20 желтоқсанға дейін талқылауда болады.